Қайыршақты ауылдық округі көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 228 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 мамырда № 27926 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде және Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің кейбір көшелеріне атаулар берілсін:

      1) Томарлы ауылында:

      № 9 көшеге - Сисен Молбаев көшесі;

      № 16 көшеге - Мұхит Латипов көшесі;

      2) "Жұлдыз -3" шағын ауданында:

      № 3 көшеге - Нәси Сисеналиев көшесі;

      № 7 көшеге - Әлім Бақтыбаев көшесі;

      № 10 көшеге - Қалжан Мұхамбетов көшесі;

      3) "Көктем" шағын ауданында:

      № 2 көшеге - Жолдас Бисенғалиев көшесі;

      № 4 көшеге - Жұбандық Бекмұханов көшесі;

      № 5 көшеге - Аяған Шыныбаев көшесі;

      № 6 көшеге - Өтеп Қарымбаев көшесі;

      № 8 көшеге - Зинолла Истаев көшесі;

      № 16 көшеге - Әлмұқан Бисенбиев көшесі.

      2. Қайыршақты ауылдық округі Томарлы ауылының Колхоз көшесі Жолымбай Қазиев көшесі қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық
округінің әкімі
Ш. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады