Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 242 қаулысы және Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 23-4 бірлескен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте № 29897 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) №55 көшеге – Отар Рахимов көшесі;

      2) №61 көшеге – Әлен Бисенқұлов көшесі;

      3) №60 көшеге – Смадияр Шахаров көшесі;

      4) №242 көшеге – Жұмалы Кенжин көшесі;

      5) №123 көшеге – Дүйсенғали Жұмалиев көшесі;

      6) №101 көшеге – Ермекбай Сабиров көшесі;

      7) №33 көшеге – Қарағұл Құрманов көшесі;

      8) №163 көшеге – Идеят Изимов көшесі;

      9) №229 көшеге – Жәңкей Сисенбердиев көшесі;

      10) №161 көшеге – Құбаш Ермишев көшесі;

      11) №151 көшеге – Хамидолла Хабдешев көшесі.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданының әкімі Ж. Каражанов
      Мәслихат хатшысы С. Таласов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады