Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Махамбет ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | К. Мажиев |
Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 194 шешіміне қосымша |
Махамбет ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілерінің түрлері | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
1,62 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,42 |
3 | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,65 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,44 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,52 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,02 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,12 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,42 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,53 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,16 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,04 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,48 |
15 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,36 |
16 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,36 |
17 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 2,86 |
18 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 4,28 |
19 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,86 |
20 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,96 |
21 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,85 |
22 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |