Махамбет ауылының кейбір көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 143 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27736 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 20 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Махамбет ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Махамбет ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) "Шұғыла" шағын ауданындағы:

      №1 атауы жоқ көше - Қаршымбай Ахмедияров көшесі;

      №2 атауы жоқ көше - Ақан сері көшесі;

      2) "Жаңа ауыл" шағын ауданындағы:

      №2 атауы жоқ көше - Ермек Серкебаев көшесі;

      №3 атауы жоқ көше - Жәңгір хан көшесі;

      №4 атауы жоқ көше - Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесі;

      №5 атауы жоқ көше - Кенен Әзірбаев көшесі;

      3) "Мерей" шағын ауданындағы:

      №28 атауы жоқ көше - Бөгенбай батыр көшесі.

      2. Махамбет ауылының келесі көшелері қайта аталсын:

      1) "Жеңістің 50 жылдығы" көшесі - Жұмабай Қартқожақов көшесі;

      2) "Жеңістің 30 жылдығы" көшесі - Рысбай Ғабдиев көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Махамбет ауылдық округінің әкімі М. Баймишев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады