Қызылқоға ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы түристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 16-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 маусымда № 28529 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы түристік жарна мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (С.Темірғалиев) жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Аккайнанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады