Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26716 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 20.06.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 11-10/22 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі Миялы ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық округінің әкімі С. Салыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады