"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабыны сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 31 мамырдағы № 11-10/166 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі Миялы ауылы аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит, вирустық диареясы ауруларының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Миялы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 6 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 26716 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Миялы ауылдық округінің әкімі | С. Салыков |