Құрманғазы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерінбекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 153-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 маусымда № 28588 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Құрманғазы ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарна мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. "Құрманғазы аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді Құрманғазы ауданы мәлихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жугинисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады