Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 30 маусымдағы № 139 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 шілдеде № 28742 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы" 2015 жылғы 13 шілдедегі № 217 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3266 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысы әкімінің
      міндетін атқарушы А. Жетпісбай

  Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 139 қаулысына қосымша
  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 13 шілдедегі № 217
қаулысына қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Сатып алынған сүт үшін, теңге/килограмм 

Сары май өндіру үшін

Қатты ірімшік өндіру үшін

35

21


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады