Түркістан облысы әкiмдiгiнiң "Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 89 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 8 шілдедегі № 143 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 шілдеде № 28749 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкiмдiгiнiң "Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы" 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5558 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27-жолдармен толықтырылсын:

      "

21

Қосқорған су қоймасы

Су қоймасының жағасы

Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Құсшыата елді мекені

22

Кеңсай-Қосқорған 2 су қоймасы

Су қоймасының жағасы

Сауран ауданы, Ораңғай ауылдық округі, Қосқорған елді мекені

23

Түркістан туристік-рекреациялық орталығындағы жасанды көл (Шаға)

Көл жағасы

Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Ынтымақ ауылы

24

Түркістан қаласындағы ескек есу каналы

Ескек есу каналының жағасы

Түркістан қаласы

25

"Жетікөл" көлдер жүйесі

Көл жағасы

Отырар ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Отырар ауылы

26

Әкімшілік іскерлік орталықтағы қалалық саябақтағы "жасанды көл"

Көл жағасы

Түркістан қаласы

27

Бірінші Президент саябағындағы "Жасанды су қоймасы"

Жасанды су қоймасының жағасы

Түркістан қаласы

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі У. Шукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

      Түркістан облысы бойынша экология департаменті"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Экология, геология

      және табиғи ресурстар министрлігі Су

      ресурстары комитетінің "Су ресурстарын

      пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі

      Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

      министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау комитеті Түркістан облысының

      санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады