Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 17/215-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29594 болып тiркелдi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Түркістан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы К. Балабиев

  Түркістан облыстық мәслихаты
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 17/215-VII Шешімге қосымша

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 41/401-IV шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2056 болып тіркелген);

      2. "Түркістан қаласының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы № 13/117-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2312 болып тіркелген);

      3. "Түркістан қаласы, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Сайрам және Созақ аудандарының аумағында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 34/268-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2960 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады