Түркістан облысы әкімдігінің "Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 179 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29828 болып тiркелдi

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 112 "Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5609 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгзілісін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 179 қаулысына 1-қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 112 қаулысына 1-қосымша

2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге

1

Мақсары

15 000

 
  Түркістан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 179 қаулысына 2-қосымша
  Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 112 қаулысына 2-қосымша

2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, теңге

1

Республикалық бюджет

432 075 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады