Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 1103 "Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1804 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 желтоқсанда № 30926 болып тiркелдi

      Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 1103 "Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5147 тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының 1- қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакциясы жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшалары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Турашбеков

  Түркістан қаласының әкімдігі
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 1804 қаулысына қосымша
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2019 жылғы 19 шілдедегі
№ 1103 қаулысына 1 қосымша

Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1

Түркістан қаласы, С.Ерубаев көшесі, Жеңіс саябағының аумағында

120

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

2

Түркістан қаласы, Есімхан атындағы алаңының аумағында

120

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

3

Түркістан қаласы, Б.Саттарханов көшесі, Жібек жолы саябағының аумағында

168

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

4

Түркістан қаласы, Шойынбет би және Арыс көшелері қиылысында

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Қазына" дүкені

5

Түркістан қаласы, Кентау тас жолы және Тәжібаев көшелері қиылысында

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

6

Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі, Қазыбек би атындағы аллеясының аумағында

36

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

7

Түркістан қаласы, Төле би және Жүсіп Қыдыр көшелері қиылысында

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

8

Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, № 16 үйге қарама-қарсы

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Молшылық" супермаркеті

9

Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, № 9 үйге қарама-қарсы

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

10

Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, № 5 үйге қарама-қарсы

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

11

Түркістан қаласы, Отырар шағын ауданы, № 1 үйге қарама-қарсы

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Азық-түлік дүкені

12

Түркістан қаласы, Алаш Байтақ Жырау және Жәнібеков көшелері қиылысында

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ

13

Түркістан қаласы, Жамбыл және Сабырханов көшелері қиылысында

12

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

"Райхан" азық-түлік дүкені

14

Түркістан қаласы, Н.Назарбаев атындағы алаңының аумағында

108

3 жыл

Азық-түлік, азық-түлік емес тауарларды сату

Жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады