Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 267 "Қазығұрт ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды және (немесе) маршруттарды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5862 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Т.А. Қалымбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазығұрт ауданының әкімі | А. Абдуллаев |