Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауылдық округтері елді мекендерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 шілдедегі № 29/129-VII бірлескен шешiмi және Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 13 шілдедегі № 1 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 шілдеде № 28852 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана, Жаңабазар және Жігерген ауылдық округтерінің келесі елді мекендерінің шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:

      1) Сарапхана ауылдық округінің Сарапхана елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 4,9 гектар жерлерді қосу арқылы, Сарапхана ауылдық округінің Сарапхана елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 356,86 гектар болып белгіленсін;

      2) Сарапхана ауылдық округінің Майлыошақ елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,24 гектар жерлерді қосу арқылы, Сарапхана ауылдық округінің Майлыошақ елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 113,14 гектар болып белгіленсін;

      3) Жаңабазар ауылдық округінің Жаңаталап елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 75,0 гектар жерлерді қосу арқылы, Жаңабазар ауылдық округінің Жаңаталап елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 278,0 гектар болып белгіленсін;

      4) Жігерген ауылдық округінің Айнатас елді мекенінің шекараларына Қазығұрт ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 0,7523 гектар жерлерді қосу арқылы, Жігерген ауылдық округінің Айнатас елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 210,7823 гектар болып белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы мен Қазығұрт аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазығұрт ауданының әкімі А. Абдуллаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы У. Копеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады