Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 қарашадағы № 33/143-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30899 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 11/71-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 21.02.2024 № 11/71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68 бабының 3), 9), 11) тармақшаларына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың хатшысы У. Копеев

  Қазығұрт ауданының
мәслихатының 2022 жылғы
25 қарашадағы № 33/143-VII
шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1000000 (бір миллион) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 пайыз, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1000000 (бір миллион) теңгеден артық емес.

  Қазығұрт ауданының
мәслихатының 2022 жылғы
25 қарашадағы № 33/143-VII
шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар.

      2. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар.

      3. Толық емес отбасылар.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 болып тіркелген) Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттiк ұйымдарының мамандары және басқада салалардағы мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады