Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 193 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 11 тамыздағы № 269 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29163 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 193 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4614 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Ордабасы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы М.Акмуратовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ордабасы ауданының әкімі Н. Бадыраков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады