Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VI "Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларын бекiту туралы" шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 31 наурыздағы № 17-102-VII шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 сәуірде № 27544 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 8-45-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 20.09.2023 № 8-45-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 наурыздағы № 54-339-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешiмiне (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 5505 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Карсыбаев

  Шардара аудандық мәслихатының
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 17-102-VII шешіміне қосымша
  Шардара аудандық мәслихатының
2020 жылғы 3 наурыздағы
№ 54-339-VI шешіміне қосымша

Шардара ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және Түркістан облысы Шардара ауданында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін анықтайды.

      2. Әлеуметтік көмек Шардара ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия - өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Шардара ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган - Шардара ауданы әкімдігінің "Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - әлеуметтік көмек алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерге заттай нысанда немесе ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді ай сайын көрсетіледі.

      6. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2- тарау. Әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж алушылардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек келесі санаттағы азаматтарға бір рет көрсетіледі:

      1) 8 Наурыз "Халықаралық әйелдер күніне" - көпбалалы аналарға, оның ішінде:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталғандарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      2) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні:

      Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі-КСР Одағы) Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, ауруы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлерге - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және азаматтарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкендерге) адамдар қоныс аудартқан күні құрсағындағы жатқан балаларды қоса алғанда - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар мен ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебімен мүгедектігі генетикалық байланыстағы олардың балаларына - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      2) 9 мамыр - Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 100 000 (бір жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайларына (зайыбына) - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстегендерге және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған адамдарға - 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде біржолғы төлем;

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға және басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      3) 6 шілде "Астана күніне" орай - Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, зейнеткерлер, аудан мектептеріндегі жетім және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан үздік оқушыларды саяхаттауға Нұр-Сұлтан қаласына - бір адамға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Түркістан қаласына - бір адамға 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      4) 30 тамыз - "Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне" орай:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      5) 1 желтоқсан - "Тұңғыш Президент күніне" орай:

      әлеуметтік күтімге алынған жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектерге - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      үйде арнаулы әлеуметтік күтімге алынған жалғызілікті қарттарға, 100 жастан асқан қарттарға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      6) 16 желтоқсан - "Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай:

      саяси қуғын-сүргін құрбандарына және мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедек балаларға - 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем.

      8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайдағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамның (отбасының) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отыра - 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, тек қана әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға және т.б.), тұрғын үйін жөндеуге және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) - 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;

      3) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем;

      4) адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек ай сайын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде тағайындалады;

      5) 80 жастан асқан жалғызілікті қарт адамдарға, Шардара ауданының аумағында жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем;

      6) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға - ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем;

      7) жалғызілікті қарттарға, жүріп-тұруы қиын 1 топтағы мүгедектеріне, үйде тәрбиеленетін және оқытылатын, әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүгедек балаларға қатты отынға заттай нысанда немесе ақшалай нысанда 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем;

      8) бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың түрлері мен көлемдеріне қосымша - ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткішке дейін көмек көрсетілсін;

      9) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өрт оқиғасы орын алған мекенжайда тұрақты тұратын азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек орташа табысын есепке алынбай - 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолға төленеді;

      10) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасына - біржолғы 2500 (екі мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      10. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Шардара ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      13. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.

3-тарау. Қорытынды ереже

      14. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады