"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жетісай аудандық мәслихатының "Жетісай ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 6-40-VII (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6168 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. | Н. Бектуреев |