Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Келес аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Келес ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келес аудандық мәслихат хатшысы | А. Тотиков |
Келес аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 28 қарашадағы № 19-168-VII шешіміне қосымша |
Келес ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 147,04 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 162,77 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1м³ | 2041,3 |