Сауран ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 86 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 ақпанда № 26803 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маслихат хатшысы М. Кунпеисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады