Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 93 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 сәуірде № 27815 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 22 сәуірдегі
№ 93 қаулысына қосымша

Тұқым шаруашылығын дамытуға 2022 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.11.2022 № 277 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Бюджет түрі

Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)

оның ішінде (мың теңге)

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

Жергілікті

2 421 786,00

5 635,438

214 183,680

177 359,088

2 024 607,794

Барлығы

2 421 786,00

5 635,438

214 183,680

177 359,088

2 024 607,794


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады