Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/266-VI "Шығыс Қазақстан облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5688 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | Д. Рыпаков |