Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 10 наурыздағы № 19/4-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27323 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлектік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 64/8-VI "Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8339 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2022 жылғы 10 наурыздағы
№ 19/4-VII мәслихат шешіміне
қосымша

Өскемен қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық норма (текше метр)

1

Жайлы және
жайлы емес үйлер

1 тұрғын
1 тұрғын

2,68
2,54

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,30

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,50

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,80

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,12

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,17

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек орын

3,78

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,16

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

3,02

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,32

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,09

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша
1 орын

0,004

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,08

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы
1 шаршы метр

0,42

15

Машиналардан сату

Сауда орнының
1 шаршы метрі

0,5

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы
1 шаршы метр

0,88

17

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,16

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,69

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,1

21

Дәріханалар

Сауда алаңы
1 шаршы метр

0,45

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциясы

1 машина-орын

3,40

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

3,08

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,30

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,6

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,20

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,1

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

1,54

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы
1 шаршы метр

0,31

30

Қала аумағында жаппай
іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,80

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады