Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI "Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
2) әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттары айқындалсын:
1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары:
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде олардың жасы мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
2) облыс, қала әкімдіктеріне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда еңбек қызметін жүзеге асыратын және мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған:
білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлер;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;
мәдениет және спорт ұйымдарының бейінді қызметкерлері.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы |
А. Светаш |