Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Нужных |