Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 17/2-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қыркүйекте № 29415 болып тіркелді

      Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7964 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ алынып тасталсын;

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Риддер қаласының елді мекендердің жеріне арналған базалық мөлшерлемесі Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

      1) Риддер қаласының жеріне арналған:

      1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 30 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 35 % арттырылсын;

      5 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      6 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      7 және 8 аймақтар бойынша - жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын;

      2) Риддер қаласының Үлбі кентінің, Ульбастрой ауылының, Лениногорский лесхоз ауылының жерлеріне:

      1 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      2 аймақ бойынша – 50 % арттырылсын;

      3 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      3) Риддер қаласы Поперечное ауылының жеріне:

      1 аймақ бойынша – 10 % арттырылсын;

      4) Риддер қаласы Пригородное ауылының жеріне:

      1 аймақ бойынша – 20 % арттырылсын;

      5) Риддер қаласы Лесное ауылының жеріне:

      1 аймақ бойынша – 40 % арттырылсын.

      Риддер қаласының Бутаково ауылының, Верхняя Хариузовка ауылының, Коноваловка ауылының, Ливино ауылының жеріне арналған жер салығының базалық мөлшерлемесі түзетуді қолданбай қалдырылсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады