Бесқарағай ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 17/6-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27328 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері- болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы М. Абылгазинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады