Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2022 жылғы 27 тамыздағы №631 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты, Абай облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі Бородулиха ауылының Лесная, Федор Середин, Тәуелсіздік, Бірлік, Тусубжанов, Пионерская көшелері, Южный шағын ауданы, Подстанция көшесі және КСХТ көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бородулиха ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 мамырдағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" №4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28251 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха ауылдық округінің әкімі | Б. Садыкова |