Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 тамыздағы № 23/3-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29352 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Глубокое аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Глубокое аудандық мәслихатының "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/8-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5593 болып тіркелген);

      2) Глубокое аудандық мәслихатының "Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/8-VI "Глубокое аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 12 маусымдағы № 44/3-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7218 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады