"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округінің Прапорщиково және Уварово ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі Прапорщиково ауылының келесі көшелері:
Колхозная көшесі Алексей Подойников көшесіне;
Суворов көшесі Шоқан Уалиханов көшесіне қайта аталсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі Уварово ауылының келесі көшелері:
Суворов көшесі Халықтар достастығы көшесіне;
К.Маркс көшесі Аграфена Колесникова көшесіне қайта аталсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауылдық округінің әкімі | Е. Жумагулов |