"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5-1) тармақшасына сәйкес, Зайсан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2021 жылғы 11 маусымдағы Шығыс Қазақстан облысы ономастика комиссиясы отырысының қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының келесі көшелеріне:
1 шартты көшесіне – Марат Қабанбаев көшесі;
3 шартты көшесіне – Әнуар Кенжебаев көшесі;
4 шартты көшесіне – Керейхан Аманжолов көшесі;
5 шартты көшесіне – Қазбек Теміров көшесі;
6 шартты көшесіне – Кәрім Құндақбаев көшесі;
8 шартты көшесіне – Сәбира Мұхамеджанова көшесі;
9 шартты көшесіне – Байғанбек Құдабаев көшесі;
10 шартты көшесіне – Виктор Гутовский көшесі;
11 шартты көшесіне – Тоқтарбек Қызықбаев көшесі;
13 шартты көшесіне – Қожан баба көшесі;
14 шартты көшесіне – Сейфолла Жайлаубаев көшесі;
15 шартты көшесіне – Қаптағай батыр көшесі;
18 шартты көшесіне – Асқар Егеубаев көшесі;
19 шартты көшесіне – Асылбек Сабеков көшесі;
20 шартты көшесіне – Көпей Бұлғынбаев көшесі;
21 шартты көшесіне – Маратбек Искаков көшесі деп атау берілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының кейбір көшелері:
Ә. Жангельдин көшесін Дінмұхамед Қонаев көшесі;
Желтоқсан көшесін Абылай хан көшесі;
В. Кондюрин көшесін Бауыржан Момышұлы көшесі;
Бауыржан Момышұлы көшесін Әділбек Тауасаров көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен Зайсан ауданы әкімдігігінің қаулысы және Зайсан аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Маркабаев |
Зайсан ауданының әкімі | С. Зайнулдин |