"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2021 жылдың 11 маусымындағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінің Біржан ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
6 - шартты көшесіне Қайлар Смағұлов көшесі;
9 - шартты көшесіне Сегізбай болыс көшесі;
5 - шартты көшесіне Шакура Әбдікенова көшесі;
2 - шартты көшесіне Жапабай қажы.
2. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі Қуаныш ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
2 - шартты көшесіне Жұмаділ Бақтыбаев көшесі;
7 - шартты көшесіне Қонақай әулие көшесі;
5 - шартты көшесіне Исабек Андырбаев.
3. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі Ақарал ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
3 - шартты көшесіне Англихан Ахметов көшесі;
1 - шартты көшесіне Халит болыс.
4. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы "Біржан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Мырамытов |