Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29233 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 24.01.2023 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 378 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округі Шалқар ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі Н. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады