"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес,Үлкен Қаратал ауылының халқының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясы 2021 жылдың 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылының келесі көшелеріне:
1 - шартты көшеcіне - Раиымхан Есімжанов көшесі;
2 - шартты көшеcіне - Сейітбек Абылғожин көшесі;
3 - шартты көшеcіне - Әнуарбек Желдібаев көшесі;
4 - шартты көшеcіне - Ыбырай Тожыбаев көшесі;
5 - шартты көшеcіне – Мәмидолда Қасенов көшесі;
6 - шартты көшеcіне - Әбсежан Қамытбаев көшесі;
7 - шартты көшеcіне - Шамар Жапсарбаев көшесі деп атау берілсін.
2. "Қаратал ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | К. Каримов |