Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 13/2-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қаңтарда № 26663 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139- бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады