Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 15/7-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 сәуірде № 27405 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алтай ауданында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. "Алтай ауданының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Алтай ауданының мәслихатының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады