Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің 17.03.2023 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына, Катонқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2022 жылғы 06 қыркүйектегі № 2 хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы жарияланған төтенше жағдайды жою басшысы болып Катонқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауданының әкімі | Д. Қалиқан |