Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, Сарыөлең, Барақ батыр және Бірлік ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
Сарыөлең ауылдық округінің Сарыөлең ауылындағы көшелері қайта
аталсын:
Лесная көшесі Қабанбай батыр көшесіне;
Садовая көшесі Абылайхан көшесіне;
Торговая көшесі Төле би көшесіне;
Юбилейная көшесі Әл-Фараби көшесіне;
Курчумская көшесі Қазыбек би көшесіне.
Сарыөлең ауылдық округінің Барақ батыр ауылындағы Школьная
көшесі Серік Лұқпанов көшесі деп қайта аталсын.
Сарыөлең ауылдық округінің Бірлік ауылындағы көшелері қайта
аталсын:
Экибастузская көшесі Жамбыл көшесіне;
Школьная көшесі Төле би көшесіне;
Комарова көшесі Бәділбек Рысбаев көшесіне.
4. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының Сарыөлен ауылдық округінің әкімі |
С. Аксартов |