Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті әкімінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 қазандағы № 30085 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қортындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің көшелері:

      Заводская көшесін Калымжан Асқабылов көшесіне;

      Солнечная көшесін Айтбала Байркенова көшесіне қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қасым Қайсенов кентінің әкімі А. Рамазанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады