Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2020 жылғы 14 қазандағы № 55-713/VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7703 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы |
К. Карашев |