Шемонаиха ауданы бойынша 2022 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 21/3-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 шілдеде № 28950 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Заңының 7-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы М. Желдыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады