"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 13 наурыздағы №1-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5103 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Е. Сапиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тексеру комиссиясының төрағасы | А. Кадырбеков |