Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 91 қаулысына 1-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.12.2023 № 337 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Елді мекен | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері | |||||
Тәрбиеленушілер саны | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) | |||||
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | 9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | Туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлсіреген және жиі ауыратын балалар тобында 10,5 сағаттық болу режимі бар | 10,5 сағаттық режимі бар түзету түріндегі топта | Толық емес күн болатын топта, жалпы білім беретін мектеп жанындағы мектепалды даярлық сыныбында | ||
қала | 21 907 | 53 878 | 49 553 | 80 971 | 97 475 | 23 704 |
ауыл | 11 901 | 60 119 | 55 100 | - | - | 26 477 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 91 қаулысына 2-қосымша |
Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.12.2023 № 337 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Аймақтың атауы | Айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||||
Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері | ||||||
Тәрбиеле нушілер саны | Балабақша / бөбекжай (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | Балалар толық күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | Балалар жарты күн болатын шағын орталық (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап) | Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар (3 жасқа дейін/3 жастан бастап | ||
1 | Ақжайық ауданы | 956 | 11500/12000 | 9000/9500 | - | 14500/15000 |
2 | Бәйтерек ауданы | 2008 | 14833/18595 | 14833/18595 | -/9894 | 30371/34183 |
3 | Бөкейордасы ауданы | 573 | 12800/13000 | - | - | - |
4 | Бөрлі ауданы | 592 | 14000/15000 | - | - | - |
5 | Жаңақала ауданы | 1033 | 10500/13650 | 10500/- | - | 14000/- |
6 | Жәнібек ауданы | 668 | 11100/14100 | - | - | - |
7 | Казталов ауданы | 1376 | 14800/16500 | 8500/9000 | - | 4800/5000 |
8 | Қаратөбе ауданы | 670 | 13000/16000 | - | - | 16280/21560 |
9 | Сырым ауданы | 799 | 12772/15166 | - | - | 15200/16000 |
10 | Тасқала ауданы | 697 | 14300/17640 | - | - | 16000/18000 |
11 | Теректі ауданы | 1947 | 12156/17993 | - | - | 16000/16000 |
12 | Шыңғырлау ауданы | 582 | 14384/17217 | - | - | - |
13 | Орал қаласы | 19177 | 17000/19000 | -/18000 | - | 35000/40000 |
14 | Ақсай қаласы | 2730 | 19000/20000 | - | - | 40000/45000 |