Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5767 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 171 қаулысына қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 қаулысымен бектілген |
Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
№ | Ауыл шаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүт | Сары май | 26,5 |