Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
қаулысына 1-қосымша |
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 2022 – 2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) | Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (теңге) |
1 | 01120100 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 75 | 37 154 |
2 | 01140100 | Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 125 | 37 154 |
3 | 01140500 | Дене тәрбиесі және спорт | 75 | 37 154 |
4 | 01140600 | Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 150 | 37 154 |
5 | 01140700 | Информатика | 25 | 37 154 |
6 | 02120100 | Интерьер дизайны | 11 | 40 621 |
7 | 02120200 | Киім дизайны | 11 | 40 621 |
8 | 02140100 | Сәндік қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері (бейін бойынша) | 11 | 40 621 |
9 | 02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 19 | 40 621 |
10 | 02150300 | Вокалдық өнер | 4 | 40 621 |
11 | 02150400 | Хорды дирижерлау | 6 | 40 621 |
12 | 02150900 | Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) | 13 | 40 621 |
13 | 02151000 | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 13 | 40 621 |
14 | 02210100 | Исламтану | 25 | 37 154 |
15 | 03220100 | Кітапхана ісі | 25 | 37 154 |
16 | 03220200 | Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану | 25 | 37 154 |
17 | 04110100 | Есеп және аудит | 125 | 37 154 |
18 | 04130100 | Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | 25 | 37 154 |
19 | 04140100 | Маркетинг (салалар бойынша) | 15 | 37 154 |
20 | 06120100 | Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 120 | 37 687 |
21 | 06130100 | Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 150 | 37 687 |
22 | 07110500 | Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы | 60 | 37 687 |
23 | 07130100 | Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) | 115 | 37 687 |
24 | 07130200 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 90 | 37 687 |
25 | 07130700 | Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | 75 | 37 687 |
26 | 07140500 | Сандық техника (түрлері бойынша) | 70 | 37 687 |
27 | 07140900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | 125 | 37 687 |
28 | 07150100 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 25 | 37 154 |
29 | 07150300 | Токарлық іс (түрлері бойынша) | 25 | 37 687 |
30 | 07150500 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 265 | 37 687 |
31 | 07151100 | Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша) | 25 | 37 154 |
32 | 07161300 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 220 | 37 154 |
33 | 07161600 | Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 135 | 40 621 |
34 | 07230100 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 107 | 37 154 |
35 | 07240900 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану | 50 | 37 154 |
36 | 07310300 | Жерге орналастыру | 25 | 37 154 |
37 | 07310500 | Ландшафтық дизайн | 15 | 37 154 |
38 | 07320100 | Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 215 | 37 154 |
39 | 07320600 | Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау | 75 | 37 154 |
40 | 07320700 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану | 150 | 37 154 |
41 | 07321100 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану | 25 | 37 154 |
42 | 07321200 | Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 25 | 37 154 |
43 | 08110300 | Жеміс-көкөніс шаруашылығы | 35 | 37 687 |
44 | 08410100 | Ветеринария | 100 | 37 687 |
45 | 09120100 | Емдеу ісі | 100 | 37 687 |
46 | 09130100 | Мейіргер ісі | 150 | 37 687 |
47 | 09130200 | Акушерлік іс | 25 | 37 687 |
48 | 09230100 | Әлеуметтік жұмыс | 25 | 37 687 |
49 | 10120100 | Шаштараз өнері | 25 | 37 687 |
50 | 10130300 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 425 | 40 621 |
51 | 10320100 | Өрт қауіпсіздігі | 50 | 37 154 |
52 | 10410300 | Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 25 | 37 154 |
қаулысына 2-қосымша |
Орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2022-2023 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Білім деңгейінің, мамандық және біліктілік коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын саны) | Оқу жылында бір маманды оқытуға жұмсалатын шығынның орташа құны (теңге) |
1 | 07320100 | Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 25 | 37 154 |
2 | 09130100 | Мейіргер ісі | 50 | 37 687 |