Ақжайық ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 14-5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 сәуірде № 27761 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15 тармақшасына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақжайық ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық аудандық маслихат хатшысы С. Сиражев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады