Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2019 жылғы 27 наурыздағы №37-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5604 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
мәслихат хатшысы | К. Ермекбаев |