Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Карпов ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 ақпанда № 26859 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Карпов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Шалғай ауылдық округі Карпов ауылының көшелері:

      Южная көшесін Бірлік көшесіне;

      Центральная көшесін Думан көшесіне;

      Целинная көшесін Береке көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалғай ауылдық округінің әкімі Т. Кантемиров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады