Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленое ауылындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қаңтарда № 26541 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Зеленое ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Зеленов ауылдық округі Зеленое ауылындағы көшелері:

      "Советская" көшесін – "Еңбек Ері" көшесі;

      "Нагорная" көшесін – "Аманат" көшесі;

      "Молодежная" көшесін – "Жастар" көшесі;

      "Речная" көшесін – "Ақсу" көшесі;

      "Южная" көшесін – "Көктем" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Зеленов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Молтуганов) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Зеленов ауылдық округінің әкімі И. Давлетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады